Жаңа әліпбидің ережелерін үйренейік!

Түбір сөздердің емлесі.

Қазақ  тілінде түбір сөздер тіл үндестігі бойынша жазылады.

1.Төл сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен  жазылады.

Мысалы: азамат – azamat, ынтымақ – yntymaq,  босаға —  bosaǵa, әсем – asem.

Ескерту: Ал кейбір кірме сөздерде тіл үндeстігі сақталмай жазылады: Құзірет – quzeret,  мұғалім —  muǵalim, қызмет – qyzmet, қадір – qadir, кітап – kitap.

2. Сөздердің және күрделі сөздер мен сөз тіркістері сыңарларының  түбір тұлғасы сақталып жазылады.

Мысалы:  құлын (құлұн емес) – qulyn (qulun емес), жүзім  (жүзүм емес) – júzim (júzúm емес), күнкөріс – kúnkóris, бара алмаймын  — bara almaimyn (baralmaimyn емес).

    Практика.

Төмендегі сөздерді жаңа әліпби бойынша жазыңыздар:

көйлек, үйрек, орындық, ақ  ала, барса игі еді, шекара, қыркүейек, көкөніс. 

3.«нг» әріп тіркесінің жазылу ережесі

   Қазақтың төл сөздері  г  әрпіне аяқталмайды. Сол себепті қазақ төл сөздерінің  соңында нг әріптер тіркесі кездеспейді. Г әрпі және нг әріп тіркесі тек кірме сөздер мен термин сөздерде кездеседі. Сөздердің соңында тұрған нг әріп тіркесінің орнына ń (ң) әрпі жазылады.

Мысалы: паркинг – parkiń, боулинг – boýliń.

Ескерту: Бір буынды сөздер соңында нг әріп тіркесі жазылады.  Мысалы: ринг – rıng.

    Практика

 Төменде берілген сөздерді жаңа әліпби ережесі бойынша жазыңыздар:

Брифинг, брейн-ринг, ранг, боулинг, ринг, чанг, сленг, рейтинг, гонг.