Жатақхана

Жабдықталған жатақхана

Өзге қала/ауылдардан келген студенттерге 300-орынды, 5-қабатты жатақханада орын беріледі. Жатақханада жайлы тұру үшін ыңғайлы жағдайлар жасалған. Ғимаратта қалалық инженерлік желілерге қосылған: суық, жылы, сумен қамтамасыздандыру, канализация, жылыту. Әрбір қабатта, қажетті тұрмыстық бөлмелерде ZANUSSI, INDESIT, ДАРИНА газ плитасы, DAEWOO қысқа толқынды пештер, екі камералы тоңазытқыштар, мұздатқыш камералар. Кір жууға арналған бөлме бар, INDESIT, SAMSUNG кір жуу машиналар, үтектеу тақталары, үтектер, холлдарда кілемдер төселген, Отау-ТВ қақпағы бар теледидарлар орнатылған, сонымен бірге, жуылған киімді кептіру құрылғылары бар. Өз бетімен дайындау бөлмелер мен суға түсу бөлмелер бар.

Жатақханада қауіпсіздікпен қамтамасыздандыру және бақылауға алу үшін кіру тәртібі орнаталған.

Жатақханадағы тәрбие жұмысы, бекітілген жоспар негізінде, қойылған мақсаттар мен міндеттерге, сонымен қатар, нормативтік-құқықтық құжаттарға және колледж тәрбиелік тақырыбына сәйкес жүргізіледі. Жатақханадағы негізгі тәрбие жұмысы бұл –  студент тұлғасының өзін дамыту мен жетілдіру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жатақханадағы студенттермен жүргізілетін тәрбиелік жұмыс бағыттары:

  • рухани-инабаттылық және эстетикалық тәрбие;
  • еңбек тәрбиесі;
  • жаппай-спорттық тәрбие беру;
  • құқықьық тәрбие;
  • азаматтық-патриоттық тәрбие;
  • тұрмыстық-жайлық жағдайларды жақсарту.

Жатақхананың бірінші қабатында шараларды өткізуге арналған дискозал бар. Дискозалда хореографиялық үйірме сабақтары, шаралар  өткізіледі.

Жатақхана Қостанай қалалық облыстық орыс драмалық театрмен, Ілияс Омар атындағы облыстық қазақ театрымен, облыстық филармониямен, Ы.Алтынсарин атындағы мұражаймен, облыстық өңірлік мұражаймен  өзара әрекет етеді.

Ай сайын студенттермен жиналыстар өткізіледі, ондағы қарастырылатын мәселелер: күн тәртібі, жатақханада тұру ережелерін бұзу, орналастырылған бөлмелердің санитарлық жағдайы, қауіпсіздік техника ережелерін сақтау, жеке мүліктерді сәйкесті қолдану, студенттердің құқықтары мен міндеттері.

Құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Участкілік инспекторымен бірге ай сайын рейдтер өткізіледі.

Жатақхана кеңесі мүшелерімен күн сайын бөлмелердің санитарлық жағдайларын тексеру іске асырылады.

Әр бейсенбі күні, медициналық қызметкермен бірге, бөлмелерді тексеру бойынша рейдтер өткізіледі. Рейд нәтижесі бойынша ай сайын, «Тазалық экраны» стендте ілінеді.

Жатақханадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы маңызды рөлді жатақхана кеңесінің әрекет етуі болып табылады да, олар қажетті жәрдем көрсетеді. Оның құрамына 15 адам кіреді. Жұмыстағы негізгі бағыттары – тұрып жатқандар арасында ыңғайлы орта құру, студенттердің бос уақыттарын және кештерін, конкурстарды пайдалы ұйымдастыру.

Әр сейсенбі күні, жатақхана кеңесінің мәжілістері өткізіліп, күн тәртібінде туылған мәселелер қарастырылады, сәйкесті шешімдер қабылданады.

Жыл соңында нәтиже шығарылдаы: онда жатақхана ең үздік бөлмесі жарияланады. Жеңімпаздар тұрмыстық техникамен мадақталады.

Жатақханада медициналық пункт орналастырылған, онда студенттер емдік көмек ала алады. Медициналық қызмет көрсету, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау Басқармасымен 2012 жылғы 5 қарашадағы берілген № 12015229 мемлекеттік лицензиясына сай жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған