«Жерге орналастырушылық» мамандығына қабылдау

Студенттік өмір әрбір адамның өмірінде ең бақытты, есте қаларлық кезең. Таңға дейін түнгі қыдырыс, емтихан алдында ұйқысыз түндер және тағы да басқа сәттер студенттік өмірімен тығыз байланысты. Дәл осы сәттен бастап студент өз істеріне жауап беріп, ересек өмірге қадам баса бастайды.

Биылғы оқу жылы «Жерге орналастырушылық» мамандығына қабылдау мерекесі 22 қазан күні Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің акт залында өтті. Мұнда бөлімнің студенттері дәстүрлерді сақтай отырып, өздерінің көркем шығармашылық деңгейлерін көрсете білді. Жыл сайын осы аталған мамандық студенттерінің қиялдары өсіп, жоғары курсының студенттері бірінші курстың студенттеріне арнап түрлі кедергілер әзірледі, ал бірінші курстың студенттері сол кедергілерден сүрінбей өтті. Мамандыққа қабылдау мерекесі  бірнеше кезеңдерден құрылады. Бұл дәстүрлі бейресми құттықтау мен мерекелі концерт. Ерекше, әртүрлі концерт нөмірлері  мен жүргізушілердің сөздері сәйкес келіп бірін-бірі ауыстырып отырды.   Көрермен әрбір қатысушыны қошеметпен қарсы алып, қолдап отырды. Әндердің түрлі жанрлары көрермендерді таң қалдыра алды. ЗУ-18 тобы билерін тамаша орындады. Іс-шараның қонақтары да әрбір қатысушыны қолдап, жақсы атмосфера жасады, себебі алғашқы рет сахна төріне шығу дегенді әркім жақсы біледі.

Мерекенің есте қаларлық сәті ол ЗУ-17 тобының атынан неон шоуы болды. Осыған қоса екінші курстың студенттері мамандықтың маңыздылығы жайлы бірінші курс студенттеріне және қонақтарға арнап видеоролик дайындады. ЗУ-17 тобының студенттері бұл іс-шараға үлкен жауапкершілікпен қарап, көптеген дайындықтарды өткізгендіктен мереке тамаша өтті.

Бұл мерекеде есте қаларлық сәттердің бірі–студенттік билеттер мен сынақ кітапшаларын тапсыру және жоғары курс студенттерінің мамандыққа қабылдауы мен рәмізді тапсыру болды. Құттықтау сөздері «Жерге орналастырушылық» мамандығының түлектеріне, кураторына және колледж әкімшілігіне беріледі. Құттықтау сөздерде таңдалған мамандықтың маңыздылығы мен колледж дәстүрлерін сақтауы жайлы сөз қозғалды  және ең бастысы, бірінші курс студенттері өздерін бұл колледжде бөтенсінбей бір шаңырақ астында екендігін сезіне білуі.

Мерекені студенттер дайындағандықтан бәрінің көңілдерінен шықты. Осы іс-шараға қатысқан барша қатысушыларына алғысым шексіз. Бірінші курс студенттеріне сәттілік пен шын белестерді тілеймін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған