Колледж тарихы

Бәрі қалай болған…

Қостанай индустриалды-педагогикалық техникумы 1966 жылы 03 тамызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 1323–р. бұйрығымен құрылды.

Бірінші директор болып Соловьев Василий Кузьмич тағайындалды

Белгілермен марапатталды:

«КСРО-ның кәсіптік білім берудегі үздігі», «ҚазКСР кәсіби білім берудің үздігі». ҰОС ардагері. 1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 2-ші және 3-ші дәрежелі Даңқ ордені және көптеген медальдарға ие.

Алғашқы студенттер жиынтығы 1966 жылы 1 қыркүйекте енгізілді

Техникум ғимараты салынғанша, студенттер (шіркеу жанында) орналасқан № 62 кәсіптік лицей ғимаратында  оқыды, 1967 жылдың басында ауыл шаруашылық техникасына ие болып, қазандықты іске қосты, жылдың соңында оқу ғимараты мен асхана бөлінді.

Жатақхана құрылысы 1968 жылы аяқталды.

Екінші директор болып Кузнецов Алексей Ильич тағайындалды, 1973 жылдың ақпанынан бастап, 1988 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс жасады (зейнетке шықпас бұрын).

Өзінің жұмысы кезінде оқу шеберханасы, № 2 жатақхана, колледж қызметкерлері үшін тұрғын үй салынып, колледж аумағын көгілдендіру (абаттандыру жүзеге асырылды).

1977 жылы техникум техникалық мамандар – қоғамдық тамақтану технологтарын, кәсіптік оқу орындарында жұмыс істеуге арналған өндірістік  шеберлерін дайындауға кірісті.

1988 жылдың қыркүйегінді балама сайлау  шешімімен Қостанай индустриалды-педагогикалық техникумының директоры болып   Колпаков Виктор Петрович сайланды.

Виктор Петрович колледждер директорлар төрағасы және облыстық маслихат депутаты қызметін атқарған.   (3 рет шақырылған).

Белгілермен марапатталды: «ҚазКСР ағарту үздігі»«ҚазКСР Өндірістік-техникалық білім беру үздігі».

Екі мерейтойлық медальдармен марапатталды, 2006 жылы «Ы.Алтынсарин» медалімен мараптталды, 2012 жылы «Құрмет» медалімен марапатталды.

Бұл уақытта техникум екі жатақханамен, асханамен, спорттық алаңмен, шаңғы орталығымен соның ішінде 160 жұптық шаңғыға, стандартты емес гимнастикалық жабдықтар, спорттық қалашықпен, волейбол алаңымен, 1000 және 500 метр жүгіру жолына ие болған.

Тамақ пісіру технолгиясы мамандығының теориялық білімін бекіту үшін Қостанай қаласының қоғамдық тамақтандыру мекемелері сонымен қатар пионерлер лагері және механикаландырылған бригадалары пайдаланылып, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары өндірістік практикасын өті үшін Урицкий ауданының барлық совхоздары пайдаланылды.

1993 жылдың 28 сәуірінде Қостанай индустриалды – педагогикалық техникумы, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі болып қайта құрылды.

1996 жылы Аманқарағай ауылынан «Дене тәрбиесі және АӘД мұғалімі» бөлімшесі колледжге аударылды. 1997 жылы осы мамандыққа бірінші  оқушылар тіркеуі іске асырылды.

Колледж өндірістік қызметтің келесі түрлерін өткізді: ауыл шаруашылығының барлық түрлерін, жүк тасымалдаушылығын, ағаш және металл бұйымдарын өндіру, дәнекерлеу жұмыстарын, той, мерейтой өткізу,  макарон кондитерлік және нан өнімдерін өндіру сонымен қатар компьютерде оқыту, т.б.

Ең басты өндірістік әрекет дәнді дақылдар өнімдерін өңдеу еді.

1999 жылы 13 қаңтарында колледж Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Қостанай индустриалды – педагогикалық колледжі» болып өзгерді

Колледжде жоғары білікті мамандарды даярлаудың жақсы оқу-материалдық базасы құрылды.

Колледжде білікті педагогикалық ұйым құрылып, соның ішінде 60-тан астам мұғалімдер және өндірістік оқыту шеберлері, жоғары білімдері бар және үлкен жұмыс тәжірибесіне ие.

2000 жылы 0317002- «Әлеуметтік педагогика» мамандығы ашылды.

2004 жылы колледжде «Жерге орналастырушылық», Кәсіптік оқыту мамандығы «Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыз ету және автоматтандыру жүйесі» мамандандыруымен жаңа мамандықтар ашылды.

2005 жылы Кәсіптік оқыту мамандығы «Дәнекерлеу өндірісі» мамандандыруымен жаңа мамандығы ашылды.

2007 жылы «Әлеуметтік жұмыскер»,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті бекіткен эксперименталды оқу жоспарында жұмыс жасайтын мамандығы ашылды.

Колледж жұмыссыздарды жұмыспен қамту орталығы арқылы оқыту мен қайта даярлауды жүргізеді. Өткен кезеңде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша колледж 800-ге жуық түлектері шығарды.

2012 жылдың 08 мамырында МҚКК «Қостанай индустарилды-педагогикалық колледжі», Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы КМҚК  «Қостанай индустарилды-педагогикалық колледжі» болып атауы өзгертілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған