«Кәсіптік-техникалық» бөлімінде техникалық пәндер аптасы.

03.02.-08.02.2020 жылы техникалық пәндер аптасы жүргізілді.

Тақырып: Заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып, білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін оқу және сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру.

Мақсаты: Өзінің кәсіби әлеуетін іс жүзінде іске асыра алатын бәсекеге қабілетті, техникалық сауатты, жан-жақты дамыған маманды қалыптастыру.

Апта жоспарына сәйкес бірінші күннен бастап ғылыми-техникалық әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Бірінші және екінші курс арасында «Мен және менің мамандығым» қабырға газеттерінің сайысы өтті. Стенгазеттер тақырыпқа және безендіруге толық сәйкес келді.

              Аптаның осы күні «Техникалық пәндер» ПЦК апталығының салтанатты ашылуы өткізілді – жауапты Т. К. Мурзагильдин, арнайы пәндер оқытушысы.

      Сейсенбі күні «Жерге орналастырушы» кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.  Байқаудың мақсаты: студенттердің кәсіби дайындығының сапасын арттыру, олардың кәсіби құзыреттілігін одан әрі жетілдіру, кәсіптік білім беру мекемелерінің беделін және орта буын мамандарының әлеуметтік маңыздылығын арттыру.

   Байқауға «Жерге орналастыру» мамандығының орта буын мамандарын даярлаудың білім беру бағдарламаларын меңгерген ЖО-18 тобының білім алушылары – жауапты А. В.Можейко, арнайы пәндер оқытушысы қатысты.              Дублерлер сабақтарын өткізу дәстүрге айналдырды – жауапты Т.К.Мурзагильдин, Б.Б.Смагулов, арнайы пәндер оқытушылары.  Сабақ өткізу барысында студенттер оқу материалының жақсы білімдерін көрсетті.

    Осы күні колледждің оқу зертханасында тәжірибелі педагог Б.А.Андировтың жетекшілігімен «МТЗ – 82 тракторына ауысым сайын қызмет көрсету, қозғалтқышты іске қосу» тақырыбы бойынша шебер-класс өтті. Іс-шараның мақсаты: студенттердің арнайы пәндер бойынша білімін жинақтау және бекіту; студенттердің таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін, назарын аудару.

Төртінші күні арнайы пән оқытушысы С.М.Кайыржанова «Қоршаған орта әлемі» тақырыбында сыныптан тыс ашық іс-шараны өткізді. Іс-шараның мақсаты: студенттердің өз денсаулығына, табиғатқа деген саналы көзқарасын қалыптастыру.

         Үшінші курс студенттері арасында «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік байқауына қатысушыларда оқу барысында алған білімдерін көрсетуге, практиканың барлық түрлерін өтуге, оларды бір тұтас жүйеге келтіруге және өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік болды. Гран-При иегері – АШМ-КО-1-17 тобының студенті Нурманов Артем. Кәсіби шеберлік байқауын арнайы пәндер оқытушысы Э.М.Маукина ұйымдастырды.

        Барлық топ – қатысушылар дипломдар мен грамоталарға ие болды. Апта қызықты өтті. Бөлім студенттері техникалық пәндер апталығында жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысты.

                      Бөлім меңгерушісі                                                         М. Нугманова

ПЦК төрайымы                                                                   И. Шагун

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған