Студенттерге арнау

Студент қатарына қабылдау рәсімі бірінші курстардың өміріндегі жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлерге толы маңызды да тебірентерлік сәт. Бұл оқу орындарында өтетін ең әсерлі дәстүрлердің бірі.
2017 жылдың 23 қазанында бірінші курстар үлкен бір отбасының – Қостанай индустриалды-педагогикалық колледждің студенттері, толық қанды мүшелері атанды. Енді олардың алдында үлкен де ауыр жол тұр. Бұл жолдың қиындығы ұжымға сіңісуде, өзіне жақсы дос табуда және оқуға барынша жауапкершілікпен қарауда. Бірініші курстарды студент қатарына қабылдау – студенттерді біріктіру үшін жасалатын алғашқы қадам, себебі бұл мерекеде балалар бір-бірімен танысып қана қоймай, өз таланттарын да ортаға салады.
Бұл күні студенттер, оқытушылар және қоңақтар «Бірініші курстарды студент қатарына қабылдауға» арналған мерекелік концертке қатысу үшін колледждің акт залында жиналды.
Үлкен сахнада ең жақсы номерлер орындалды. Ерекше назарға ие – біздің колледждің жаңа тұлғалары, жаңа таланттары – бірінші курстар. Олардың арасында тек болашақ бағдарламашылар ғана емес, сондай-ақ керемет бишілер де баршылық екен. Олардың номері біртұтас музыкалық тақырыпта, әсем және тамаша көңіл-күймен орындалды.
Сахнаға алғаш рет шығудың не екенін білетін залда отырған көрермендер де қолдау көрсетіп отырды.
Барлық студенттер мен оқытушылар бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қарап, жақсы дайындалды. Нәтижесінде бәрі ойдағыдай өтті.
Үш апта бойы студенттер сабақтан кейін қалып, дайындалды. Кураторлар белсенді көмек көрсетті: Хижняк В.В. би номерлерін дайындаса, Исергепов Д., Амантаев Д., Рамазанова С. реквизиттерді әзірлеп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Барлық қатысушылардың арқысында концерт өте жақсы өтті. Студенттер, педагогтар және қоңақтар өткізілген іс-шарадан тек қуанышты сезімде қайтты. Бұл жаңа, ересек өмірдің жақсы бастауы деуге болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған