Талапкерлерге

«ҚОСТАНАЙ ИНДУСТРИАЛДЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

11-СЫНЫП БАЗАСЫНДА БЮДЖЕТ НЕГІЗІНДЕ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАЙДЫ

0104000 Кәсіптік оқыту, мамандандыруы «Ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру» (күндізгі, сырттай) — Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

Өндірістік оқыту шебері, ауыл шаруашылық өндірісінің техник-механигі. Оқу мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Жұмысшы мамандығы: тракторшы-машинист, В,С санатты жүргізуші.

0104000 Кәсіптік оқыту, мамандандыруы «Тамақ өндіру өнеркәсібінің технологиясы және ұйымдастырылуы» (күндізгі, сырттай) — Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

Өндірістік оқыту шебері, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технолог-менеджері. Маман жаңа технологияларды еңгізу арқылы өндірістік тамақтандыру кәсіпорындарында өнімдерді өндіру процестерді ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін меңгереді; қоғамдық тамақтандыру өнеркәсібінің процесін ұйымдастырады. Жұмысшы мамандығы: аспазшы, кондитер, даяшы-бармен.

0104000 Кәсіптік оқыту, мамандандыруы «Мал шаруашылық өнімдерін қайта өндеу технологиясы» (сырттай оқу) — Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

Өндірістік оқыту шебері, ет-сүт өндірісінің менеджер-технологы. Маман өндірістік-технологиялық жұмыстарын жүргізеді; ет және сүт өнімдерін өндіру кәсіпорындарының қызмет процесін ұйымдастырады; шикізат өнімдерінің есебін және тіркеуін өндейді;

0104000 Кәсіптік оқыту, мамандандыруы «Дәнекерлеу өндірісі» (сырттай оқу) — Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

Өндірістік оқыту шебері, дәнекерлеу өндірісінің техник-механигі. Маман дәнекерлеу өндірісі бойынша өндірістік, технологиялық, басқарушылық операциаларды жүзеге асырады; дәнекерлеу жабдықтармен электрмен дәнекерлеу прцесін ұйымдастырады.

«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша бітірушілер 2 мамандық алады, оқу мекемесінде өндірістік шебері және өндірісте маман болып жұмыс  атқаруға мүмкіндік береді.

013000 «Дене тәрбиесі және спорт» (күндізгі, сырттай) — Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі. Бітіруші түлек дене тәрбиесі және спорт мұғалімі болып жұмыс істей алады; спорттық түрлері бойынша секцияларды басқара алады; кәсіпорындарында спорт бойынша әдіскер бола алады; жасөспірімдер клубтарында спорттық жұмыстарды ұйымдастыра алады.

0501000 «Әлеуметтік жұмыс» (күндізгі) — Оқу мерзімі  жыл 10 ай.

Әлеуметтік жұмыс бойынша маман. Психоәлеуметтік жұмыс бойынша маманы — қандай да болмасын әлеуметтік көмек қажет ететін нақты адамдар оның отбасы, басқа мамандар, мекемелер және мемлекеттік органдар арасындағы делдал. Өз қызметінде балаға, ересекке отбасылыққа қажетті әлеуметтік қызмет көрсету бойынша үйлестіруші міндеттерін біріктіреді. Түлектер әлеуметтік жұмысшы ретінде мемлекеттік және жеке әлеуметтік қызметінде, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулықты сақтау, әскери, білім беру ұйымдары мен мекемелерінде, құқық қорғау органдарында жұмыс істей алады.

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (күндізгі, сырттай) — Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай

Техник-бағдарламашы. Маман бағдарламаның тестілеуін өндейді; деректерді басқарады; бағдарлама өнімдерінің  әдістемесін қорғайды және ресурстарды қолданады; өдірістік және экономикалық процестерін моделдейді; деректердің қорғанысын ұйымдастырады.

Жұмысшы мамандығы «ЭВМ операторы».

1511000 «Жерге орналастырушылық» (күндізгі, сырттай) — Оқу мерзімі 2 жыл 6 ай

Техник. Маманның қызметінің нысаны жерге орналастыру жобаларын дайындау және зерттеу процесі болып табылады; ҚР азаматтарының, ауыл шаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындармен жерді пайдалануға жинаған материалдарды өндеу.

Жетім балалар, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына арналған тегін ас беріледі.

Қабылдау ережесі.

Керекті құжаттар тізімі:
• Білім туралы құжат (түпнұсқа);
• 086-У  үлгідегі медициналық анықтама, екпе жасаған туралы паспорт, флюротүсірме (1-2 топ және бала кезінен мүгедектерге МСЭК қортындысы керек);
• фото 3х4 көлеміндегі – 4 дана.

Құжаттарды, оқуға түсушінің жеке басының куәлігімен жеке ұсынылады!

Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Прием документов с 20 июня по 20 августа (очно) до 20 сентября (заочно)  т.г.
ҰБТ сертификаты қажет емес.
Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 35 т. 87142-55-81-57, 55-81-55 (факс)
№ 3,13,18 автобустарымен жету «Индустриалды-педагогикалық колледжі» аялдамасы
сайт: kipk.kz e-mail: kost_ipk@mail.ru

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған