Фестиваль «Қош келдің Наурыз!»


Рухани-инабаттылық тәрбие мен қазақ халқы мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрметті, сонымен қатар, қазақ халқы ұлттық ойындарына қызығушылықты ояту, ұлтаралық бірлік пен төзімділікті қалыптастыру мақсатында, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде «Қош келдің Наурыз» атты фестиваль өткізілді.  Бұл шара бұрыннан таныс. Колледжде шығармашылық алаңдары формасында өтті. Алаңдарды дайындауға 2,3 курс студенттері мен олардың кураторлары қатысқан. 1 курс студенттері алаңдарға қатысып, ондағы әрекет түрлеріне белсенді болған. Балалар келесі әрекет түрлерін дайындаған болды: қазақ ұлттық ойындары, қазақ ұлттық билері, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолданбалы шығармашылық, қазақ ұлттық әуен-аспаптары, ұлттық тағамдары, ұлттық фольклор. Барлық алаңдар ұлттық стильде ұйымдастырылған болды. Бірінші курстағылар үшін алаңдарды аралау парақтары рәсімделіп, онда оларға баға қойылған болды. Фестиваль аяқталумен, ұйымдастырушылар ұпай санап, жеңімпазды анықтаған. Мереке бір сәтте қызықты өтті. Бірінші курстағылар бар алаңдарды қызығушылықпен аралап, би, ойындарға белсенді қатысты. Наурыз мерекесін тойлау күндері, еріктілер тобы бейімделу орталығындағы әйелдер мен балаларға арналған мерекелік концертті ұйымдастырған болды. Ән, би, салт-дәстүрлер мен ұлттық костюмдер: мереке сезімдерін жеткізіп, аналар мен балалар күлкісі ең үлкен сыйлық болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған