20 мамыр күні Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің «Әлеуметтік-технологиялық бөлімінде» технологиялық пәндер апталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу «Дұрыс тамақтанудың: жақсы және жаман жақтары» тақырыбында, танымдық ақпараттық конференция түрінде өтті. Дұрыс тамақтану туралы баяндама жасаған студенттер: Молдаш Д., Ковалева А., Карасева Е., Свешников В., Тимякова К. Іс-шараның мақсаты: студенттердің танымдық және шығармашылық белсенділігін арттырып, олардың өз-өздерін тануына және дамытуына жағдай жасау.