Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізу арқылы педагогтердің өздігінен білім алу іс-әрекетін ұйымдастыру

14 ақпаннан бастап біздің колледжде техникалық пәндердің пәндік-циклдік комиссиясының онкүндігінің ашылуы өтті.

ПЦК онкүндігінің тақырыбы «ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізу арқылы педагогтердің өздігінен білім алу іс-әрекетін ұйымдастыру» болып табылады. Мақсаты: өздігінен білім алу қызметі шеңберінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Онкүндік ашылудан басталды, онда негізгі іс-шаралар мен техникалық пәндер оқытушыларының ашық сабақтары айтылды.

«Термодинамикалық үдерістерді анықтау» тақырыбымен мемлекеттік тілде, АШМ-20 тобында техникалық пәндердің пәндік-циклдік комиссиясының төрағасы Т.К. Мурзагильдин ашық сабақ өткізді.

«Табысты адам» атты өзекті мәселеге арналған ашық сыныптан тыс іс-шараны техникалық пәндер оқытушысы С.М. Иманбаева өткізді.

 Студенттердің бастамасымен ауыл шаруашылығындағы өндірістің жаңа технологиялары бойынша стендтер көрмесі өткізілді. Көрмеге 1-3 курс студенттері қатысты. 

Сонымен қатар, онкүндік бойы колледж кітапханасында Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру, дәнекерлеу өндірісі және жерге орналастыру бойынша өзекті әдебиеттер мен электрондық оқулықтардың көрмесі өтуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған