Жүрегіңді жақсылыққа үйрет

12.10.2021 ж.

Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде «Жүрегіңді жақсылыққа үйрет» тақырыбында  қарым-қатынас сағаты  өткізілді.

 Іс-шараға ӘЖ-21 тобы  студенттері қатысты.

 Мақсаты: жастарда инклюзивтік мәдениетті және мүгедек адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Ақпараттандыру онкүндігі аясында КИПК кітапханасының қызметкерлері Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттеріне «өз жүрегіңді жақсылыққа үйрет»атты қарым-қатынас сағатын өткізді. Кітапханашы балаларға инклюзивті Мәдениет туралы айтып берді. Бүгінде мемлекет пен қоғам алдында мүгедектігі бар қазақстандықтар үшін тең мүмкіндіктер, әлеуметтік және экономикалық құқықтарды қамтамасыз ету, қорғау және дамыту кепілдіктерін жасауға, оларды елдің қоғамдық өміріне ықпалдастыруға бағытталған міндеттер тұрғанын атап өтті. Іс – шараның қонағы-үстел теннисінен ішкі органдарды ауыстырып қондырған спортшылар арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, үстел теннисінен спорт шебері Лаура Табажанова өзінің өмірі туралы, спортқа қалай түскені, қандай жарыстарға қатысқаны туралы айтып, өз марапаттарын көрсетті. Балалар Лаураның Италия мен Англияға сапарлары туралы қызығушылықпен тыңдады. Іс – шара барысында студенттер спортшыға сұрақтар қойып, жауаптарды мұқият тыңдады, өйткені Лаура Табажанованың тарихы-рухты нығайту тарихы, өзіне деген сенімнің және толыққанды өмір сүруге деген ұмтылыстың үлгісі.

Іс-шара соңында  медальдар көрмесі ұйымдастырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған