«Терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбына дәріс өткізу

2022 жылғы 13 шілдеде ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері А.К. Бапинов, А. Б. Малгелдин «Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі» КМҚК директорының орынбасарымен бірлесіп оқу-профилактикалық іс-шара өткізді, онда террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер жеткізілді. Бұдан басқа, ТТО объектілері басшылығының терроризмге қарсы қорғалуын нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін жауапкершілігі түсіндірілді.
Полиция подполковнигі А.К. Бапинов террористік сипаттағы қауіп төнген жағдайда ТТО объектілері персоналының бірінші кезектегі іс-қимылдарын түсіндірді, сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға назар аударды.
«Бір қадам алға» бейнесабағы көрсетілді, онда жарылғыш құрылғыға ұқсас күдікті заттар табылған кездегі іс-қимыл алгоритмі көрсетілді.
Іс-шара соңында терроризм актісі қатері туындаған жағдайда іс-қимыл бойынша объектінің қызметкерлерімен сабақтар мен жаттығулар өткізу бойынша ұсынымдар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған