«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

       Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің оқытушылары мен студенттерінің алдында кәсіби өзін – өзі анықтауға қабілетті, өз халқының тарихы мен дәстүрлерін білетін, бірнеше тілді меңгерген, барлық жағдайда үш тілде коммуникативтік-әрекеттік операцияларды жүзеге асыруға қабілетті, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын көпмәдениетті тұлғаны дамыту мақсаты қойылған.

        Осы мақсатты жүзеге асыру үшін біздің колледжде жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі. «Тілдер күні» мерекесіне арнап оқытушылар К.Калимова,  В.Жаркова «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»атты интеллектуалды ойын өткізді.

      Қазақ, орыс және шет тілдерін білу қазіргі қоғамда адамның жеке және кәсіби қызметінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің студенттер осыны дәлелдейді. Олар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сұрақтарға үш тілде жауап берді. Залда бірде-бір немқұрайлы студент болған жоқ. Балалар ойыншыларды қолдап, өз командалары үшін алаңдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған