10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»мамандығы бойынша ОПП – 21 тобының студенттерінің математикадан үлгерім нәтижелерін талдау.

       ОПП – 21 тобының студенттері ерекше еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Сабаққа жүйелі түрде дайындалып, себепсіз жіберілуіне жол берілмейді.

       Оқу жылы ішінде білім сапасының көрсеткіші тұрақты 64% болды, ал орташа балл 72,6 құрады.

         Математика көрсеткіштерінің оң динамикасы бар:

Ворвуль Е. – 71-ден 75 балға дейін; Захарова П. – 85 – тен 90 балға дейін; Сыпачева В. – 80-ден 85 балға дейін; Щель Д. – 85-тен 95 балға дейін.

          Ени М., Корнеев К., Кушкарев Р. және Нургалиев О. «жақсы» нәтижеге қол жеткізді – Куянбаев К. -63-тен 75 баллға дейін.

       Бірінші курс студенттері үшін оқу жылы аралық аттестаттаумен аяқталады.

       Бүгін, 14 маусым күні ОПП – 21 тобының студенттері математика пәні бойынша тест түрінде емтихан тапсырды.  Тапсырмалар бөлінген уақыт шеңберінде сәтті орындалды.  «Өте жақсы» деген бағаға – 2, «Жақсы» деген бағаға – 17 студент тестілеуден өтті. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша білім сапасы 79% – ды құрайды, бұл екінші семестрдің қорытындыларынан 15% – ға жоғары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған